Шымкентте нан бағасының көтерілу себебі аталды

Күні: 18:13, 06-03-2019.

Шымкент. 6 наурыз. ҚазТАГ – Шымкентте нан бағасының көтерілу себебі аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шымкентте ұн бағасының көтерілуі салдарынан нан бірден Т10 қымбаттап кетті. Қазір ол дүкендерде Т70 теңгемен сатылуда. Жыл басынан бері ұн қабының бағасы Т1000 өсті. Егер бұрын бір қап ұн Т4200 болса, қазір Т5200. Егер ұн бағасы қабына Т5500 дейін өсетін болса, біз нан бағасын Т70 ұстап тұра алмаймыз», - деп хабарлады «Нан» наубайшылар қауымдастығының президенті Мәлік Көмекбаев сәрсенбіде.
Сондай-ақ, ұн бағасының көтерілгендігі туралы Шымкенттің ұн тартушылары да айтуда. Олар бидай бағасының өсуінен бағаны көтеруге тура келгенін мәлімдеді.
«2018 жылдың қыркүйегінен бері маркетингтік астық маусымының басынан сапасы жақсы бидайдың құны Т51-52 болған. Бүгінгі таңда біз шаруалардан бидайды Т73-74 бағамен сатып алып жүрміз. Өсім көріп отырғаныңыздай, айтарлықтай – 40%. Баға 6 ай бойы көтеріліп келді. Бидай бағасын түзету немесе оның арзандауы бірде-бір рет болған емес. Осы уақыт бойы ұн тартушылар ұн бағасын көтере алмаған – сату нарығы тұрып қалды. Қазір ұн тартушылар дымсыз емес, өздеріне шығын келтіріп жұмыс жасауда», - деп атап өтті «Grain House 555» ЖШС бас директоры Жанна Зубарева.
Еске салсақ, соңғы рет Шымкентте нан бағасы 2018 жылдың күзінде көтерілген болатын. Ол кезде бір бөлке нан бағасы дүкенде Т60 тұрды.


Жаңалықтармен бөлісу: