Шымкентте Қошқар ата өзенінде балықтар қырылып жатыр

Күні: 12:47, 09-04-2019.

Алматы. 9 сәуір. КазТАГ – Шымкентте Қошқар ата өзенінде балықтар қырылып жатыр, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Шымкентте Қошқар ата өзенінде балықтар қырылып жатыр. Бүгін шағынаудан тұрғындары жағымсыз көріністің куәсі болды: Қошкар ата өзенінде өлі балықтар су бетінде қалқып жүр», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жергілікті тұрғынның бірінің айтуынша, бұрын мұндай жағдай болмаған.
«Мен мұнда 50 жылдан астам уақыт мекен етіп келемін. Бірақ бұрын ешқашан мұндай жағдай болған емес. Біз осы өзеннен су ішкен едік, шомылатынбыз, бірақ қазір не болғанын түсінбеймін! Таң қалып отырмын», - деді Асатулло Ибрагимов.
Хабарда нақтыланғандай, Қошқар ата өзенінде балықтардың бірнеше түрі кездеседі: торта, сирек кездесетін тұқы және ең бағалы көкбасы және бақтақ бар. Дәл қазіргі уақытта уылдырық шашу кезеңі екенін ескерсек, табиғатқа қанша зиян келгенін есептеу қиын емес.
«Көршілер шақырды, өлі балықтардың санын қараңыз деп. Біреу химиялық заттың бірін құйған шығар. Қандай үлкен балық! Енді ол қазір уылдырық шашатын кезеңі. Біз бұл өзеннің суымен бақшамызды суғарамыз», - деді жергілікті тұрғын Фарманов Гафуржан.
Атап өтілгендей, көкбасы балығы таза және салқын суда ғана тіршілік етеді.
«Балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтау үшін зертханалық тексеруге жіберуге балықтарды және су үлгісін алдық», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: