Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, соның нәтижесі бойынша қатаң шаралар қабылданып, айыптылар заңға сәйкес жазасын алатын болады. ІІМ кезк елген құқықбұзушылық бойынша төзбеушілік ұстанымын ұстанады», - деп мәлім етті дүйсенбі күні ҚазТАГ редакциясының сауалына ІІМ.

Telegram-каналда Egov.Press таратқан ақпаратқа сәйкес әңгіме полицейлердің Т370 млн жымқырғаны туралы болуы мүмкін.

Фото көзі: gov.kz


adimage