Шымкентте сауда-логистикалық орталық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

Шымкент. 8 қыркүйек. ҚазТАГ - Шымкентте сауда-логистикалық орталық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«А және В класындағы мұздатқыш, құрғақ және тоңазытқыш  қоймаларының 100 мың шаршы метрден астам құрылысы аяқталуда. Мұнда  тамақ өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер үшін де қоймалар болады. Тағамдардың пісіп-жетілуіне арналған камералар да қарастырылған. Бірінші кезең биылғы жылдың аяғына дейін аяқталады, қоймалардың барлығы 230 мың шаршы метрге орналасқан», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.  

Сауда-логистикалық орталығы 92 га алаңды алып тұрады. Қазірдің өзінде оны салуға Т24 млрд жеке инвестициялар тартылған.

Әкімдікте атап өткендей,  Т1 мемлекеттік қаржыға Т16 жеке инвестициялар тартылған. Сонымен, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Т1,5 млрд инвестиция бөлінген.  Бұл қаржыға 1,7 км темір жолы, 4,7 км газбен жабдықтау желісі, 4 км  автокөлік жолы салынды.  Сондай-ақ, 1.2 км электр желісі, 6,6 км сумен жабдықтау және кәріз жүйесі салынды.  

Әкімдікте жаңа орталықтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретініне сенімді.

«Орталық іске қосылғаннан кейін біз сатудың жаңа арналарына қол жеткіземіз, Оңтүстік Қазақстан тауар өндірушілерінің өнімін сақтау мүмкіндігіне, және олардың тауарын Кеден одағы, Еуропа тіпті алыс шетелдерге шығару мүмкіндігіне ие боламыз», - деп келтіреді баспасөз қызметі «Көлік-логистика аймағы» басқарушы компаниясының бас директоры Сұңғат Абдуллаевтың сөзін.  

Еске салсақ, сауда-логистикалық орталығы үшін жер телімі Шымкенттің халықаралық әкежайынан 2 шақырым жерде, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық магистралінен 4 шақырым қашықтықта және трансазиялық теміржолдан 500 метр қашықтықта орналасқан.   Орталық аумағында контейнерлік алаң, кедендік терминалдар, сұрыптау және қаптау пункттері,  дистрибуциялық орталық, техникалық қызмет көрсету станциялары, кеңсе жайлары, қонақ үй кешені  салынады. Құрылыстың екінші кезеңін 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

adimage