Шымкентте Сайрам-Өгем ұлттық саябағының экс-басшысы сыбайлас жемқорлық жасаған деген күдікке ілінді

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Шымкентте ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық саябағы» РМБ бұрынғы бас директоры сыбайлас жемқорлық жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Ауыл шаруашылық министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық саябағы» РМБ бұрынғы бас директорының алаяқтық жасағаны анықталды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, жоғарыдағы басшылыққа ақша беремін деген желеумен алдап өз орынбасарларынан Т460 мың $800 көлемінде ақша алған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Ведомствода мәлімдегендей, «қазіргі таңда күдікті өзіне тағылған айыпты толық мойындады».

adimage