Шымкентте сірке қышқылынан екі он жасар бала уланып қалды

Күні: 18:28, 31-05-2019.

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Шымкентте сірке қышқылынан екі он жасар бала уланып қалды, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Шымкентте сірке қышқылынан уланған екі он жасар бала ауруханаға түсті. Дәрігерлер анықтағандай, балалар сірке қышқылын ойнап жүріп ішіп қойған, алайда үлкендер уақытылы дәрігерге жеткізген. Зардап шегушілер ауыр жағдайда Гипербариялық оттектеу орталығының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бір апта бойы қарқынды терапияның көмегімен балалардың жағдайы дұрысталды және олар үйлеріне шығарылуға дайындалуда.


Жаңалықтармен бөлісу: