Шымкентте солтүстік су құбырын салу Т1,5 млрд болды

Күні: 16:18, 22-10-2014.

Шымкент. 22 қазан. ҚазТАГ – Шымкентте солтүстік су құбырын салу Т1,5 млрд болды, деп мәлім етті қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.
«Шымкентте солтүстік су құбырын салуға Т1,5 млрд жаратылды. Құрылыс былтыр аяқталуы тиіс еді, мердігер мерзімін созып жіберді. Биыл барлық жұмыстарды тездетіп орындауға тура келді», - деді ол сәрсенбі күнгі сұхбатында.
Ұзындығы 14 км болатын солтүстік су құбыры «Асар», «Ынтымақ» ықшам аудандары мен Бозарық, Тассай кенттерін сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету тәулік бойына жүреді. Су құбырын салғанда көлемі 3 мың текше метрлік су қоймасы салынды. Ондағы су қоры апаттық жағдайда қалалықтарды 8 сағат үзіліссіз сумен қамтамасыз етуге жетеді.


Жаңалықтармен бөлісу: