Шымкентте спирт зауытының басшысы қамқорлық көрсеткені үшін пара беру күдігіне ілікті

Шымкент. 17 маусым. ҚазТАГ – Шымкентте спирт зауытының басшысы қамқорлық көрсеткені үшін пара беру күдігіне ілікті, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған», – делінген хабарда.

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қ. спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады.

«Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарынорынду аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. "Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы" бұйрығы), – деп түсіндірді ҚМА.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

adimage