Астана. 3 қазан. ҚазТАГ - Шымкентте статистика департаментінің бас маманы алаяқтық күдігіне ілікті, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі) агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкенттің сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі сыбайлас жемқорлық жасаған күдігі бойынша қаладағы статистика департаментінің қызметкерлерін басқару қызметінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол департаментке баға статистикасы басқармасының жетекші маманы қызметіне жұмысқа алу үшін азаматтан алаяқтық жолымен Т450 мың сома көлемінде ақшалай қаражат алған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51