Шымкентте тұрғын үй алабының бірінде құтырған иттің баланы тістеп алуынан кейін карантин жарияланды

Шымкент. 1 шілде. ҚазТАГ - Шымкентте тұрғын үй алабының бірінде құтырған иттің баланы тістеп алуынан кейін карантин жарияланды, деп хабарлады Шымкенттегі қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.
«Шымкентте құтыру ауруымен ауыратын ит 6 жасар қыз баланы тістеп алған. Балаға антирабиялық екпенің соңғылары берілуде. Оқиға Шымкенттегі Тоғыз тұрғын үй алабында 12 маусымда орын алған, содан бері аталмыш елді мекенде карантин жарияланған. Әдетте ол 1 айға созылатын. Қазіргі таңда эпидемияға қарсы барлық жұмыстар жүргізілген, дегенмен дәрігерлер күн сайын ауру ит араласуы мүмкін барлық үй мысықтары мен иттерін тексеруде», - деді Төлебаев дүйсенбіде.
Белгілі болғандай, карантин аясында ветеринария желісі бойынша қаңғыбас 25 мысық пен ит өлтірілген.

adimage