Шымкентте төрт жасар бүлдіршінді өлтіріп кетті

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Шымкентте төрт жасар бүлдіршінді өлтіріп кетті, деп хабарлады Otyrar.
«Шымкентте МЖК ауданы қоршауға алынды. Барлық учаскелік полицейлер мен Шымкенттегі ПД басқа да бөлімшелері жұмылдырылды, оқиға орнында криминалистер жұмыс жасап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, МЖК ауданында Застенной көшесінде төрт жасар бүлдіршін қызды өлтіріп кетті», - делінген хабарда.
Көршілері айтқандай, қыз бала анасымен бірге шағын отбасылар жатақханасында тұрып жатқан, ол оқиға орнынан 500 метр қашықтықта орналасқан.
«Тамызда ол төртке толар еді. Бұлдіршіннің денесін сотмедсараптамасына алып кетті», - делінген хабарда.
Жергілікті тұрғын Халипа Кадированың айтуынша, ол анасынан қызын не үшін көшеде жалғыз қалдырғанын сұрағанын айтты. Себебі ол баласын үнемі бақылауда ұстайтын дейді ол. Оған қыз баланың анасы сол кезде жұмыста болғанын, мына жағдайдан есеңгіреп қалғанын айтқан. Кадирова енді немерелері үшін қатты қорқатынын айтып отыр.
«Бұл аудан Шымкенттегі қылмыс көп болатын жер болып саналады, ол жердегі иесіз гараждарға бомждар, нашақорлар мен алқаштар үйір екен. Криминалистер сыра бөтелкелері мен шыныларынан саусақ іздерін алды. Шамамен 1980 жылы туылған, бойы 180 см болатын арықтау келген ер адам іздестірілуде», - делінген материалда.

adimage