Шымкентте ТҚЖБ салымшылары, жас отбасылар мен жетім балалар үшін салынған 128 пәтерлі үйлер қоныстанушыларын қабылдауға әзір

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Шымкенттегі Астана даңғылы бойындағы тоғыз қабатты 128 пәтерлі үйлер  қоныстанушыларын қабылдауға әзір, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Шымкенттегі Астана даңғылы бойындағы тоғыз қабатты 128 пәтерлі үйлер қоныстанушыларын қабылдауға әзір. Одардың төменгі қабаттарына компаниялардың кеңселері орналасады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Баспасөз парақшасында түсіндірілгендей, кезекке тұрғандар  пәтер кілттерін алады, бүлдіршіндер жаңа балабақшаларға барады, оқушылар жаңадан салынған мектеп парталарына отырады.  
Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Еркін Бұхарбаев айтқандай, «бұл үйлер ТҮҚЖБ салымшыларына, жас отбасыларға, бюджет қызметкерлері мен жетім балаларға арналған».  
Қазір Шымкентте 103 көп қабатты үй құрылысы жүріп жатыр, олардағы пәтер саны-5351. Биыл олардың жетпіс төртін, яғни 4271 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.  
Сонымен қатар, Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов құрылыс саласына қатысты мердігер мекемелер алдына  жыл аяғына дейін әрқайсысы 320 балаға арналған төрт балабақшаны, 1200 және 900 орынға арналған екі мектепті пайдалануға беруді тапсырды.  
Бүгінде типтік балабақшалар қазірдің өзінде «Бозарық» және «Нұртас» ықшамаудандарында жұмыс жасап жатыр. «Бозарықта» 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілген. Оның құрылысына қалалық бюджеттен 1,165 млрд теңге жұмсалды.  

adimage