Шымкент. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкентте Т600 астам сомаға жалған шот-фактура беріп келген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлады ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бір топ адамның алдын-ала сөз байласу арқылы нақты орындалмаған жұмыстарға, көрсетілмеген қызметтерге, аса ірі көлемде әлі түсірілмеген тауарларға жалған шот-фактура беріп жатқаны анықталған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Топ мүшелері 615 млн теңгенің орындалмаған жұмыстары мен көрсетілмеген қызметтері үшін және тиелмеген тауарлар үшін 40 млн теңге мөлшерінде сыйақы алып жатқан жерінен ұсталған. Яғни, пара ретінде берілген сома негізгі қаражатының 6,5% - ын құраған.
«Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. Оларға 3 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34