Шымкентте табылған арыстанның баласы хайуанттар бағына тапсырылды

Шымкент. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте табылған арыстан хайуанаттар бағына тапсырылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсынан.
«Арыстанды іздеуге Шымкент қаласы ПД Жергігілікті полиция қызметі басқармасы және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, оның жүруі мүмкін барлық жерлерді тексерді, тұрғындардан сұрастырды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар да полицияға жан-жақты көмек көрсетті. 2021 жылдың 21 қаңтарында бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері арыстанның жүрген жерін анықтап, Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырды», - делінген жұмадағы хабарда.
2021 жылдың 19 қаңтарында “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде азаматтардың қонақ үйде арыстан көргені туралы бейнежазба жарияланған болатын.
2021 жылдың 20 қаңтарында ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

adimage