Шымкентте тамақ өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрме өтеді

Шымкент. 18 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте тамақ өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрме өтеді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, қараша айының 25-26 күндері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «AgroProm Shymkent - 2015» тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы халықаралық көрмесі өтеді деп күтілуде. AGRO -ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы, жылыжайлар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бағбаншылық, FOOD - азық-түлік, сусындар, жабдық және қаптама және HORECA - ас үй және сауда жабдығы және сауданы автоматтандыру сынды бөлімдерден тұратын халықаралық іс-шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатыстырылып, өңірге шетелдік инвестицияны тарту, елдегі кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін кеңейту көзделіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға көрмедегі жабдықталған 9 шаршы метр алаңды тегін ұсынбақ. «AgroProm Shymkent - 2015» көрмесін өткізуге біздің өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы республикада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің үлестік өнімінің көлемі бойынша көшбасшы орынды алып отыр, дейді баспасөз қызметінен.
Экспозицияны Германияның, Италияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, БАӘ, Польша және Ресейдің 50-ден астам компанияны көрсетеді.
Көрме Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігіне ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, ОҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, «Оңтүстік» индустриялық аймақтарын Басқарушы компания» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Көрмегекелемін деушілерге есік ашық.

adimage