Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы алты адам 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Қазіргі таңда істің басқа фигуранттарына қатысты үкімді оқу жалғасуда.
Еске салсақ, 2016 жылдың жазында Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының ТЕБ қызметкерлері жаппай ұсталған еді. Содан бері сотталушылар тергеу изоляторында отырған, сот залына оларды қарауылшы жасақпен алып келді. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушылар қызметтері үшін азаматтардан ақша бопсалаған, көліктерді мемлекеттік баж салығынсыз тіркеген, осылайша мемлекетке шығын келтірген. Сотталушылар орындығында сондай-ақ, жоғары лауазымды офицерлер де – Жаппаровтан басқа аудандық ТЕБ экс-басшылары да бар.
Барлығы сот алдында 38 адам тұр, олардың басым бөлігі полицейлер. Олардың барлығына ҚР ҚК жеті бабы бойынша айып тағылған: «Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану», «Қылмыстық топтың аса ірі көлемде пара алуы», «Қылмыстық топтың аса ірі көлемде пара беруі», «Қызметтік жалғандық», «Қылмыстық жолмен алған ақшаны немесе мүлікті жариялау», «Жалған құжаттарды, мөртабанды, мөрді боямалау, әзірлеу немесе сату».