Шымкентте тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясындағы дәрілердің бағасын талқылады

Шымкент. 21 қараша. ҚазТАГ – Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясында дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттамайды, деп сендірді «СК-Фармация» басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев.
«Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясында дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттамайды. Дәрілердің 70%-ы 2014 жыл бағасымен сатып алынды. Қазақстандық құрам үлесі артты. Отандық өндірушілерден 198 дәрі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар 12,5 млн теңгеге сатып алынды.  Ол барлық дәрілердің 25%-дайы. Егер ақшалай түрде айтатын болсақ, біздікілер - 17% және импорттықтар  - 83%», - деді Н. Әлібаев.
«СК-Фармация» басшысының сапары аясында Шымкентте дәрі-дәрмектер бағасы туралы әңгіме болды.
Н. Әлібаев сондай-ақ, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1034 атауын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты. Ол үшін Т101,9 млрд қажет. Одан басқа, компания отандық өндірушілермен ынтымақтасу шартын пысықтап жатыр.
«Жаңа жылдан бастап «СК-Фармация» медициналық техника лизингісі бойынша бірнеше үлгісін әзірлейді. Онда бірінші кезекте отандық өндірушілерге басымдық беріледі. Алдымен пациенттің мүддесі ескеріледі, одан соң дәрігердің, медмекеменің және соңында өндірушінің мүддесі ескеріледі», - деді Н. Әлібаев.
Жергілікті өндірушінің жұмыстарымен Н. Әлібаев «Казмедприбор» ЖШС-ке барғанда танысты. Зауытта 7 жылдан бері медтехнику шығарады. Олар УЗИ аппараттарынан бастап, операциялық блоктарға дейін шығарады. Ал ерекше мақтан тұтатындары соңғы талаптарға сай келетін жедел жәрдемнің реанимациялық машиналары. Осындай әр машинаны жабдықтау Т17-22 млн тұрады. Кәсіпорында негізінен жергілікті шикізат қолданылады дейді. Техниканы шығаруға 10% сатып алынады.

adimage