Шымкентте қуаты 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Күні: 15:25, 27-10-2014.

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2014 жылғы 27 қазанда  Астана уақытымен 14.01 сағатта (Гринвич уақытымен 2014 жылғы 27 қазандағы 08.11.56 сағатта)  жер сілкінісі тіркелді», - делінген сенбі күнгі хабарда.  
Сейсмологтардың мәліметтерінше, жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-батысындағы Қазақстан аумағында 586 км жерде болды. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 3,9 болып, ошағы 5 км тереңдікте орын алды. Шымкентте жер сілкінісінің қуаты 2 балл болып сізлді.
Адам шығыны мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: