Шымкентте және тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте және тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде күннің екінші жартысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар ) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 25 қаңтарда күннің екінші жартысында қатты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 25 қаңтарда кей уақытта көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген жұмада тартылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 25 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді «Қазгидрометте».
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Өскемен қ.: 25 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с жетеді. Семей қ.: 25 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Қызылорда облысында сенбі күні кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«25 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Орал қ.: 25 қаңтарда тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage