Шымкентте жалған ақшалар мен психотроптық заттарды сату туралы іс сотқа жіберілді

   Шымкент. 29 маусым. ҚазТАГ-Шымкентте жалған ақшалар мен психотроптық заттарды сату ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.
   "Шымкент қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде $9300 (номиналы $100 банкноттар) және психотроптық заттарды жалған ақша қаражатын сату фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады", - делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.
   Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау түріндегі" бұлтартпау шарасы тағайындалды.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда", - деп толықтырды ҚМА.


adimage