Шымкентте жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болғандарға 11 және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ- Шымкентте жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болғандарға 11 және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

"Шымкентте 6 келіге жуық гашиш пен 23,1 мың жалған АҚШ долларын сатуға тырысқан екі азамат 11 жыл 5,5 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды. Сондай-ақ жедел іздестіру шарасын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

adimage