Шымкентте «жасыл» экономика бойынша II халықаралық инвестфорум өтеді

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте «EXPO-2017 көрмесін өткізудегі өңірлердің рөлі» тақырыбында «жасыл» экономика бойынша II халықаралық инвестфорум өтеді, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасынан.
«28 қарашада Шымкенттегі «Шымкент» конгрессхолында «EXPO-2017 көрмесін өткізудегі өңірлердің рөлі» тақырыбында «жасыл» экономика бойынша II халықаралық инвестфорум өтеді», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.
Форум аясында отандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен «Оңтүстіктегі энергия үнемдеу проблемасын шешуде ҚЭК рөльдері», «EXPO-2017 көрмесін өткізудегі өңірлердің рөлі», «Құрылыс индустриясындағы өңірлік бизнестің  «EXPO-2017» жобаларын іске асыруға қатысуы», сондай-ақ «EXPO-2017 өткізудегі жастардың рөлі» өңірлік жастар форумы» тақырыптарында панельдік сессиялар өткізу жоспарлануда.

adimage