Шымкентте жеке ауруханалардың біріндегі полицейдің өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты тергеу басталды

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкенттегі жеке ауруханалардың біріндегі полицейдің өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.  
«25 қыркүйекте Шымкент қ. ІІД Әл- Фараби ІІБ  кезекші бөліміне жеке ауруханалардың бірінде Шымкент қ. тұрғынының көз жұмғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген  полицейлер марқұмның Шымкент қ. ІІД қызметкері екенін анықтады.   (…) аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 317 бабы бйоныша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндетін тиісті түрде орындамауы)», - деді бейсенбіде  Шымкенттегі ІІД-нен.  
Полицейлер нақтылағандай, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.  

adimage