Шымкентте ЖКО орын алып, бір адам мерт болды, зардап шеккендер бар

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Шымкентте ЖКО орын алып, бір адам мерт болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 30 шілдесінде Тауке хан мен Сайрам көшелерінің қиылысында Daimler Chrysler маркалы көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, «ВАЗ-21099» көлігіне соққан. ЖКО салдарынан «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары мен екінші машинаның жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage