Шымкентте жыл аяғына дейін 74 үй пайдалануға беріледі

Шымкент. 27 қазан. ҚазТАГ – Шымкентте жыл аяғына дейін 74 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Шымкентте жыл аяғына дейін 74 үй пайдалануға беріледі. Көптен күткен пәтер кілттерін 4271 отбасы алады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  
Сонымен қатар, қалада тағы 103 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 5351 пәтердің жалпы алаңы 293,3 мың шаршы метрді құрайды.  
Қаланың әкімшілік-іскери орталығындағы жаңа қазандықта да құрылыс жұмыстары жүруде. Оның қуаты 160 Гкал құрайды. Ол әкімшілік-іскери орталықтың барлық нысандарын жылумен қамтиды. Оны билік алдағы уақытта іске қосуды жоспарлап отыр.  
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, қараша айында Шымкентте көркем гимнастика бойынша керемет кешен ашылмақ. Құрылыс жұмыстары 90% аяқталған, деп атап өтті баспасөз қызметінде. Кешен 8 блоктан тұрады. Спорт аренасы, шығуға арналған екі алаң, 750 адам сыйатын трибуна бар.
Сонымен қатар, спортшыларды дайындау үшін 4 жаттықтыру алаңы, хореографиялық және жаттықтыру залдары қарастырылған. Оларда жақсы жағдайда жаттығуға бар мүмкіндік жасалған. Жаңа кешенде киім шешетін орын, жуынатын жер, медициналық пункт, процедуралық кабиет те болады. Сонымен қатар басқа қала спортшыларының жаттығуы үшін де жағдай жасалған. Мұнда 4 бір орынды және 6 екі орынды қонақ үй нөмірлері мен жатақханада 38 екі орынды бөлмелер бар.  

adimage