Шымкенттегі қайырымдылық концерт мүгедектер таксиі мен мүгедектер арбаларын сатып алуға көмектеседі

Шымкент. 16 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте ресейлік «Серебро» тобының қатысуымен қайырымдылық концерті өтіп жатыр; одан жиналған қаражат мүгедектер мұқтаждығына жаратылады, деп хабарлады ОҚО обләс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«Шымкенттегі қайырымдылық концертке «Серебро» тобы қатысуда. Облыстық әкімшілік ол шараны белсенді қолдады. Танымал топ Шымкенттегі орталық стадионда өнер көрсетуде», - деді баспасөз қызметінен жексенб күні.
Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, осы концерттен түскен қаражаттың барлығы қала мүгедектеріне такси сатып алуға және мүгедек арбаларын сатып алуға жұмсалады. Жоспар бойынша 5 мың билет сатылады деп болжанған, қазір оның саны нақтылануда. Концерттің алдында «Серебро» тобының әншілері Ольга, Дарья және Полина Шымкентте БАҚ өкілдерімен кездесті. Олар қайырымдылық жобаларын әр кез қолдайтынын мәлім етті. «Біздің ұжымда қайырымдылық бағдарлама дайындалған, бірақ біз оны жарнамаламаймыз», - деді Ольга. «Қайырымдылықты дабыра етпей жасау керек», - дейді Полина. Одан басқа, әншілер гастрольдық кесте тығыздығына қарамай, олар өздерінің аспаздық шеберліктерін де таныстырып үлгеріп жүр екен. Бірақ қыздардың айтуынша, олар «өздері ешқашан Қазақстандағыдай дәмді манты жасай алмайды» екен.

adimage