Шымкенттегі бюджеттік саланың жас отбасыларына баспана сатып алудың «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна көлемі төмендетіледі

Алматы. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкенттегі бюджеттік саланың жас отбасыларына баспана сатып алудың «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна көлемі төмендетіледі, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ.
«Шымкент қаласының жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасының 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Тиісті меморандумға «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Екі жақты келісім бойынша, азаматтардың аталмыш санатына Шымкент қаласының әкімдігі ұзақ мерзімді, жеңілдетілген несие беру арқылы алғашқы жарнаның жартысын төлеп бермек. Осы мақсатта биылғы жылы бөлінген сома 500 млн. теңгені құрайды. Жалпы, алдағы 2 жылдың көлемінде, Шымкент әкімдігі өз тұрғындары үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын төмендетуге 2 млрд. теңге жұмсамақ. Осы арқылы, әкімдік шамамен 2 мың жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдаумен қамтуды жоспарлап отыр.
«Шымкент «7-20-25» бағдарламасына қатысып жатқан тұрғындарына жергілікті әкімдіктер қолдау көрсететін бірлескен жобаны іске асыратын тұңғыш өңір атанып отыр. Өз кезегінде, осы игі бастаманы біз басқа да өңірлермен бірлесіп, жүзеге асыруға дайынбыз», - деді Қ. Алтынбеков.
Ғ.Әбдірахымов атап өткендей, қалада «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 мың шаршы метрді құрайтын 8 333 пәтер салынады. Бұл 8 333 пәтер.

adimage