Шымкенттегі әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер орталығы алғашқы келушілерді қабылдады

Шымкент. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкенттеггі әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер орталығы алғашқы келушілерді қабылдады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкенттеггі әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер орталығы алғашқы келушілерді қабылдады. Олардың арасында мектеп оқушылары бар. Экскурсия ұйымдастырушылар балаларға бәрін мұқият түсіндіріп берді»,- деді облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер орталығында қонақтар Оңтүстік Қазақстанда мекен ететін халықтардың дәстүрлері мен мәдениетімен таныса алады. Экспозицияларды жинауға этномәдени орталық жетекшілері көмектесті. Нысан құрылысына Т400 млн жаратылып, ауданы 905 шаршы метр болды.
Сонымен қатар бүгін тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. 1400 шаршы метр ауданда бұрын орын жетіспеушілігінен мұражай қоймасында сақтаулы жатқан экспонаттар қойылды. Бұл жерде әр экспонат өңірдің қалыптасу тарихын бандайды. Мұражай құрылысына облыс бюджетнен Т438 млн жаратылды.  
Еске салсақ, бұл екі нысан да жаңа тарихи-мәдени аумақтың бір бөлігі болып табылады. Оған «Наурыз» алаңы мен Бәйбідек би ескеткіші кіреді және этнобақ құрылысы жүріп жатыр.

adimage