Шымкент. 7 қараша. ҚазТАГ – Шымкенттегі халықаралық форум жұмысына 15 елден 300 шетелдік бизнесмендер келді, деп хабарлады ОҚО облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
« Бүгін Шымкент қаласының «Көрме» орталығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық форумы басталды», - деп көрсетілген облыс әкімінің сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, аталмыш шара еліміздің инвестициялық және іскерлік климатын жақсарту мақсатында шетелдік инвесторлар, жергілікті бизнес және мемлекеттік органдар арасында диалог құруға бағытталған. Форумға Қазақстанның және әлемнің көптеген қаржы институттары мен даму институттарының басшылары, 500-ден аса кәсіпкер қатысуда. Оның ішінде 300-ге жуық шетелдік бизнесмендер Ресей, АҚШ, Германия, Италия, Польша, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, жалпы алғанда барлығы 15 жақын және алыс шет елдерден келіп, қатысуда.
«Форумды облыс әкімі Асқар Мырзахметов ашты. Ол қонақтарға өңірдің инвестициялық тартымдығын айтып берді», - деді баспасөз қызметінен.
Әкімнің айтуынша, соңғы 5 жылда өңірдегі ауыл шаруашылық өнімі 3 есеге артты. Еркін экономикалық аймақта 15 инвестициялық жоба іске асырылуда. Инфрақұрылымды жүргізудегі көмектен басқа, кәсіпкерлер салықтық жеңілдік алуда, деді әкім, инвесторларға ОҚО экономикалық әлеуетін танытырып тұрып.
7 қарашада аяқталатын форум аясында ынтымақтастық туралы бірнеше меморандум мен келісімдерге қол қою жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34