Шымкенттегі халықаралық авиатерминалдың құрылысына $164 млн инвестицияланады

Шымкент. 31 тамыз. ҚазТАГ – Шымкенттегі халықаралық авиатерминалдың  құрылысына $164 млн инвестицияланады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкенттегі халықаралық авиатерминалдың  құрылысына $164 млн инвестицияланады,  және де инвесторлар жобаға белсенді қатысуға қызығушылық танытуда», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Жоба бойынша келешек терминал темір жол және автобус бекеттерімен интеграцияланады. Сондай-ақ ол, құрылысы қазір жүріп жатқан көлік-логистикалық орталықпен байланысты болады.
Әуежайдың осылайша даму тұжырымдамасы Қазақстанда тұңғыш рет іске асырылып отыр.
Жоба екі кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезең барысында жалпы ауданы 18 мың шаршы метр болатын жаңа жолаушылар терминалы салынады. Ол сағатына 600 жолаушы өткізе алады. Оның құрылысын 2016-2017 жылы аяқтау жоспарлануда. Екінші кезең бойынша терминал тағыда 16 мың шаршы метрге кеңейтіледі. Бұл ретте жолаушылар ағымы артып – сағатына 1200 жолаушыға қызмет көрсетіледі.
Жаңа терминал базасында көлік-логистикалық орталықпен бірге авиа-логистикалық хаб даму алады. Оның өзінің уақытша сақтайтын жеке қоймалары мен кедендік бақылау пункті болады. Жаңа терминалды салу бойынша жүргізілген жұмыстардан соң 2030 жылға қарай жолаушылар ағымы жылына 3 млн жолаушыға дейін артады.
Одан басқа, әуежайдың дамуы қаланың инфрақұқрылымының дамуына ықпал етеді деп сенеді әкімшіліктегілер. Ол экономикалық және әлеуметтік салаларға ықпал етеді, себебі одан басқа жобаны іске асыру жаңадан 1000-ға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

adimage