Шымкенттегі халықаралық инвестициялық форумға 300 адам қатысуда

Шымкент. 28 қараша. ҚазТАГ – Шымкенттегі халықаралық инвестициялық форумға 300 адам қатысуда.
«Жасыл» экономика жөніндегі халықаралық инвестициялық форумға 300 адам қатысуда. Олардың ішінде министрліктердің, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, банкілердің өкілдері, отандық және шетелдік бизнесмендер бар», - деп хабарлайды агенттік тілшісі жұма күні оқиға орнынан.
Форумда Астанада EXPO-2017 көрмесін өткізудегі өңірдің рөлі талқылануда. Кездесуге қатысушыларды ондай ауқымдағы көрмені өткізу тарихымен таныстырып, EXPO-2017 өткізу жобасының таныстырымын көрсетті.
Спикерлер EXPO-2017-ге жаппай дайындалудағы Оңтүстік Қазақстанның рөлі орасан екенін, оның үстіне өңірде инновациялық өндірістер құру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «ОҚО-да жаңғырмалы энергия көздерін құру үшін барлық жағдайлар бар. Мұнда қай жобаға инвестиция құру керектігі бар», - деп санайды ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрметті кеңесшісі Давид Паркер.
Форум барысында жаңғырмалы энергия көздерін дамыту келешектері ғана емес, сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының EXPO-2017-ні өткізуге өз үлесін тигізе алатын ресурстары да талқыланады.

adimage