Шымкенттегі семинарға қатысушылар ғаламтор медиа-технологияларының пайдаланылуын талқылады

Шымкент. 26 қараша. ҚазТАГ - Шымкенттегі семинарға қатысушылар ғаламтор медиа-технологияларының пайдаланылуын талқылады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) ішкі саясат басқармасы.
«Шымкентте «Ғаламтор медиа-технологияларын игеру әдістері» атты интернет-журналистика бойынша семинар өтті. Оған жас журналистер мен блогерлер қатысты», - деді облыстың ішкі саясат басқармасынан.
Сөйтіп, президент әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі кеңес мүшесі Жарқын Жұмаділов әлеуметтік медиа ресурстардың жұмысы туралы баян етсе, «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуатов дәстүрлі БАҚ-тың жаңа медиа-ресурстардан несімен ерекшеленетінін түсіндірді. Сондай-ақ БАҚ-тағы жаңа технологияларға да үлкен мән берілді.
Одан өзге, семинарды тыңдаушылар ақпараттық сайттарға, әлеуметтік желілерге арналған ақпаратты дайындауды, ғаламторға фото мен видео салуды үйренді, сонымен қатар жаңа медиа мен БАҚ қауіпсіздігінің қалыптасуын талқылады.

adimage