Шымкенттегі туристік жәрмеңкеде былғарыдан, сүйектен және күмістен жасалған бұйымдар көрсетілді

Шымкент. 13 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте туристік «Шырайлы Шымкент» жәрмеңкесі жұмысын бастады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан әкімінің баспасөз қызметінен.
«Шымкентте туристік «Шырайлы Шымкент» жәрмеңкесі жұмысын бастады. Оған 50-ден астам адам қатысуда. Олардың арасында туристік компания мен отельдердің өкілдері, аймақтың қол өнер шеберлері, туризм саласында мамандар дайындайтын оқу орындары бар», - деп хабарлады жұма күні облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, жәрмеңке Шымкенттің туристік әлеуетін паш етуге, ішкі туризмді дамытуға бағытталған.
«Шымкент өте көне қала және туризм орталығы бола алады. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, көптеп қонақ келетіндей етуіміз керек», - деді Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрахимов.
Жәрмеңкеде 7 туристік фирма, 5 қонақ үйі мен Шымкент, Жетісай, Мақтарал ауданынан, Арыстан 30-дан астам қол өнер шеберлері өз өнімдерін көрсетті. Мұнда шетелдік туристерге кеңінен танымал қолдан жасалған қыш кәдесыйлықтар бар. Мұнда әр түрлі материалдардан жасалған қуыршақтар бар, зергерлік бұйымдар, былғарыдан, сүйектен, күмістен жасалған әсем заттар бар. Жәрмеңке аясында ең үздік көрме экспозициясына байқау жарияланып, одан кейін қатысушылардың барлығын экскурсиялық автобустармен қаланы аралатты.
Хабарда айтылғандай, бұл жәрмеңке халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесіне өзіндік іріктеу туры болды.

adimage