Шымкенттегі вакуумдық түтікшелер шығаратын компания өз өнімдерін Беларусияға экспорттайды

Күні: 18:37, 22-10-2014.

Шымкент. 22 қазан. ҚазТАГ – Шымкентте мембағдарлама бойынша құрылған кәсіпорын өздері шығаратын вакуумдық шыны түтікшелерін Беларусияға экспорттайды, деп мәлім етті дайындаушы зауыттың басқарушы дирекоры Олег Сигал.
«Біздің кәсіпорын мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасымен индустриалдау картасы бойынша салынды. Біз қазір Беларусьпен біздің шыны түтікшелерді экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Зауытта жылына 15 млн-нан  астам вакуумдық түтікшелер шығарылады және оны экспорттауға дайынбыз», - деді сәрсенбі күні О. Сигал.
Зауыт мемлекеттік бағдарлама аясында 2011 жылы салынды. Жобаның жалпы кұны – Т2 млрд 330 млн, бұл ретте мемлекет өндірісті ашуға Т660 млн бөлді.
Одан басқа, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша қажет коммуникациялар жүргізілді: электр, газ, канализация. Өнімді Беларусияға жеткізу жөнге қойылған соң, зауыт сарапшылары тауарларды Ресей мен Қырғызстанға экспорттау мәселесіне кіріседі.  


Жаңалықтармен бөлісу: