Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінде жүздеген үй тұрғыны 11 жылдан астам бері сусыз, жарықсыз және газсыз тұрып жатыр

Алматы.16 мамыр. ҚазТАГ – Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінде жүздеген үйдің тұрғыны 11 жылдан астам бері сусыз, жарықсыз және газсыз тұрып жатыр, деп хабарлады Otyrar.kz.
«Шымкентте «Жұлдыз» ықшамауданының тұрғыны, яғни жүздеген үйдің тұрғыны 11 жылдан астам уақыт бойы сусыз, жарықсыз және газсыз тұрып жатыр», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «тұрғындар өздеріне өздері қамқорлық жасап отыр».
«Біз күтіп отырмыз, күтіп отырмыз, ештеме өзгерер емес. Біз осы жерден алыс емес жерде орналасқан шошқа фермасынан тоқ тарттық», - дейді тұрғындар.
Ауыз суды, тұрғындардың айтуынша, сатып алуға тура келіп отыр. Алайда күн ыссыда су тез бұзылады. Жергілікті тұрғын жиі ауырып жатыр.
«Адамдар тұрып қалған судан жиі ауырып жатыр. Бізді құр уәделермен тойдыруда! Бізге кезінде ОҚО экс-әкімі (Түркістан облысы – ҚазТАГ) Жансейіт Түймебаев келіп барлығы болады деген еді. Бірақ ештеме өзгермеді», - деді Шымкент тұрғыны Нырызайша Жақсылықова.
Коммуналшылар ықшамауданның Шымкентке қосылуына сілтеме жасап, «Жұлдыз» тұрғындары қазір ғана көбейген, сондықтан бұрын ауданды абаттандыруға қажеттілік болмаған.
«Жұлдыз» ықшамауданына электр тоғын тарту бойынша басқарма құжаттарын дайындауда, оны тамыз айының аяғында аяқтау жоспарлануда. Сосын басқарма құрылыс жүргізуге бюджеттік өтінім жолдайды, қазірдің өзінде су мен электр тоғын тартуға 2021 жылға өтінім жолданды. Сол уақытқа таман «Жұлдыз» ықшамауданын барлық қажеттілікпен қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз», - деп мәлімдеді Шымкент ТҮКШ энергетика басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз.
Хабарда атап өтілгендей, «Жұлдыз» ықшамауданының тұрғындары бірнеше жылдан кейін қалалық болады.
«Өркениет игілігін әлі кем дегенде екі-үш жыл күту керек», - делінген хабарда.

adimage