Шымкенттегі ҚЖО филиалының басшысы сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет құрамына кірді

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Шымкенттегі Қазақстан журналистер одағы (ҚЖО) филиалының басшысы Айгүл Қапбарова сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет құрамына енді, деп хабарлады ресми БАҚ.
«Қапбарова палатаның алқа отырысында ант қабылдады. (…) Ол әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамына кірді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 19 мамырда «ҚазТАГ» ХАА Қапбарованың сенат депутатына кандидат ретінде ұсынылғанын хабарлаған еді.
25 маусымда Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып сайланды. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері бойынша Қапбароваға 85% дауыс берілген, ал Рамиль Искандеров пен Әлішер Сатыбалдиев 7,5% дауыстан жинаған.
А. Қапбарова еңбек жолын телевидениеде бастаған, сосын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болған, соңғы жылдары «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерін басқарады. Қазақстан Журналистер одағының Оңтүстік қазақстандық облыстық филиалының төрағасы болып сайланған. Қазір осы қоғамдық ұйымның Шымкент қалалық филиалын басқарады.

adimage