Шымкенттің екі тұрғынынан Сібір жарасы табылды – екеуі де ауруханаға жатқызылды

Шымкент. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкенттің екі тұрғынынан Сібір жарасы табылды – екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады «Отырар».
«2 қыркүйекте Шымкентте сібір жарасын жұқтырған екі науқас Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 28 тамызда олардың денсаулығы нашарлап, жеке ауруханаға медициналық көмекке жүгінген, алайда оларды жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Зертханалық талдаулар нәтижесі бойынша олардан «Сібір жарасы» диагнозы расталды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 33 және 19 жасар ер адамдар Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан шаруа қожалығында жұмыс жасайды. Қожалық мал өсірумен және сатумен айналысады.
«Ауруханаға түскен кезде ер адамдардың жағдайы орташа ауыр болатын, қазір оларды үйлеріне шығаруға дайындалуда. Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 21 тұрғын анықталыпты. Туған-туыстары мен отбасы мүшелері тексеріліп, қауіпті дерттің алдын алу үшін олар тиісті ем-дом шараларын қабылдаған. Жалпы Шымкентте сібір жарасының сегіз табиғи ошағы белгілі, ал Түркістан облысының аумағында олардың саны 300-ден асады», - делінген хабарда.

adimage