Шымкенттің әкімшілік орталығындағы жаңа ықшамауданда 167 көп қабатты үй салынады

Шымкент. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкенттің әкімшілік орталығындағы жаңа ықшамауданда 167 көп қабатты үй салынады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«167 көп қабатты үйден тұратын ықшамаудан салынуда. Жалпы тұрғын ауданы 740 мың шаршы метр», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.
Бұл ретте, осы жерде «Оңтүстік» Қабылдау үйінің, 8 мың орындық орталық мешіттің, көркем гимнастика кешенінің, көп бейінді кәсіби техникалық колледждің, қалалық мұрағаттың, балалар бақшасының, мектеп құрылысы жүргізіліп жатқаны айтылады.  
Хабарда айтылғандай, «Түркістан» конгресс-холл, облыстық драмтеатры, «Отырар» кітапханасы, көрме орталығы, жаңа алаң мен аллея, тұрғын үйлер, қалалық емхана, «Назарбаев зияткерлік мектебі», заманауи медициналық және сауда кешендері салынып бітті.
Жаңа әкімшілік орталықтың аумағы 1,6 мың га.  Құрылысқа Т82 млрд-тан астам қаражат бағытталды, оның ішінде бюджет қаражатынан – Т18,6 млрд, жеке инвестициялар – Т64 млрд.

adimage