Шымкенттің коммуналдық компаниясының 51% мөлшеріндегі қатысу үлесі Т379 млн-ға сатылды

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Шымкенттің коммуналдық «ЛТД-Турмыс» ЖШС компаниясының 51% мөлшеріндегі қатысу үлесі Т379 млн-ға сатылды, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Гүлнұр Құрманбекова.
«Шымкенттің коммуналдық компаниясы 379 млн теңгеге сатылды. Ол компанияның аты - «ЛТД-Турмыс» ЖШС және ол Шымкенттегі ең ірі компаниялардың бірі. Ол кәсіпорын 2006 жылы құрылған», - деді Г. Құрманбекова.
Хабарда айтылғандай, қазір кәсіпорын базасында 100 дана арнайы техника бар. Компанияның бағасын лицензиясы бар бағалау компаниясы Т737 млн теңге деп бағалады. Осы сомаға қарап, «Экоспецтранспорт» ЖШС Т379 млн сомаға «ЛТД-Турмыс» компаниясының 51% акцияларын сатып алды.
«Ол компания бұдан ары да мемлекеттік сатып алуларға қатысып, халыққа көшелерлі тазарту және қаладағы тазалықты сақтау бойынша қызметін көрсете береді», - деді Шымкент әкімінің орынбасары.
Кәсіпорын әр кез өз қызметкерлеріне әлеуметтік жауапкершілікен қарайтын. Басшылық олар үшін Шымкенттің медициналық орталықтарында тексеру ұйымдстырып, біркелкі жұмыс киімдерімен қамтамасыз етті. «ЛТД-Турмыс» ЖШС жұмысшылары Шымкенттің 80 көшесін жинап, тағы 40 көшені көгалдандырумен айналысады. Олар сондай-ақ бұрынғы қоқыс полигонындағы, айып тұрақтарындағы тәртіпті қамтамасыз етуге, қала каналдары мен ирригациялық науаларды тазартуға жауапты. Соңғы кездері  «ЛТД-Турмыс» ЖШС жұмысшыларының жұмыстары арта түсті. Олар «Нұрсат» ықшамауданына қызмет көрсете бастады, ал ол жерде халық тығыз орналасқан және олар көше тазалығына онша мән бермейді, сондықтан қоқыстарын қоқыс бактарына жетпей-ақ төге салады. «ЛТД-Турмыс» ЖШС жұмысшылары ондай қала тұрғындарын тәртіпке шақырумен келеді.

adimage