Шымкенттің сауда-логистикалық орталығында Т24,3 млрд болатын инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Шымкенттің сауда- логистикалық орталығында Т24,3 млрд болатын инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкенттің сауда- логистикалық орталығында Т24,3 млрд болатын инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Олардың барлығы да жеке инвестицялар. Бұл орталықта 8 ірі жоба іске асырылуда», - деді баспасөз қызметінен.
Бірінші нысанды биылғы қыркүйек айында іске қосу жоспарлануда. Одан басқа, баспасөз қызметінің мәліметтерінше, қазір Мақтаарал ауданы және Түркістан қаласындағы логистикалық орталықтардың инфрақұрылымы үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Хабарда айтылғандай, өңірде 127,9 мың дана шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл былтырғыға қарағанда 4,2% артық. Олардың барлығы Т722,9 млрд болатын өнім шығарды. Ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда Т8 млрд-қа артық.
Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, биыл «Өңірлік инвестициялық «Максимум» орталығы» Т2,9 млрд болатын 778 жобаны қаржыландырды. Ол 1365 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін жалпы сомасы Т9 млрд болатын 2 мың жобаға қаржылық қолдау көрсету жоспарлануда.
Хабарда айтылғандай, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Т137,5 млрд сомалық 99 жоба мақұлданды. ОҚО-ның барлық аудандары мен қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік мектептері ашылған. Тек биылғы жеті айда 8,6 мың бизнесмен қызмет көріп, және 746 адам ешқандай проблемасыз қажет рұқсат құжаттарын алды. Бүгінге кәсіпкерлік мектептерінде 3532 адам оқиды.

adimage