Шымкент. 24 қазан. ҚазТАГ - Шымкенттің суландыру жүйесінің жөндеу жұмыстарына бюджеттен Т146 млн бөлінді, деп хабарлады өңірлік БАҚ.
«Шымкент құрылысының бас жоспарына сәйкес қала маңындағы ауылдарға қосымша көпірлер мен су айдайтын арналар орнату керек», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, жаңа суландыру арналары облыс орталығының 16-шы және 4-ші ықшам аудандарында орнатылады. Забадам ауылында тағы бір су ағызатын арна қазылады. Осы шараларға Т27 млн-нан астам қаржы жұмсау жоспарлануда.
Қаладағы қолданыстағы арналар мен суландыру жүйелерін тазартуға бюджеттен Т45 млн бөлінген.
Сондай-ақ «Жаңашек» үлкен арнасының жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ол Орынбаев көшесінен Қызыбек би көшесіне дейін созылып жатыр. Жұмыс құны - Т74 млн.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі2 Маусым 2023, 11:59
-
Қазақстанда Астана күніне байланысты 1 шілдедегі сенбі басқа күнге ауыстырылды1 Маусым 2023, 19:00
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,96-ға түсіп, Т448,67/$1 болды1 Маусым 2023, 18:41