Шымкенттің жергілікті маңыздағы балық шаруашылығы су қоймасының жоспарлы тізімі ұсынылды

Күні: 18:16, 21-06-2019.

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Шымкенттің жергілікті маңыздағы балық шаруашылығы су қоймасының жоспарлы тізімі ұсынылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Осы қаулыға сәйкес Шымкент қаласының жергілікті маңыздағы балық шаруашылығы су қоймасының тізімі бекітілсін», - делінген жұмада ұсынылған қалалық әкімдіктің қаулы жобасында.
Аталмыш тізімге төрт су қоймасын қосу жоспарлануда: Айнатас ауылындағы Тоғыз, Маятас ауылындағы Бадам, Текесу ауылындағы Текесу, Ақтас ауылындағы Ақжар.
Шымкент әкімдігінің жобасы 5 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.


Жаңалықтармен бөлісу: