Шымкенттік мотор майы мен шыны құтылары Ресейге экспортталынады

Шымкент. 21 қазан. ҚазТАГ – Шымкенттік мотор майы мен шыны құтылары Ресейге экспортталынады, деп мәлім етті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен ОҚО кәсіпкерлер палатасына сілтемелеп.
«Шымкенттік мотор майы мен шыны құтылары Ресейге экспортталынады. Екі компания Ресейдің Оңтүстік-Орал өңірімен ынтымақтаспақшы. Осындай уағдаластыққа Шымкентке Оңтүстік-Орал өңірінің сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Федеор Дегтярев бастаған ресейлік 18 кәсіпкерден тұратын делегация сапары барысында қол жеткізілді», - деп хабарлады сәрсенбі күні әкімшілік баспасөз қызметінен.
ОҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметтерінше, бұл сапар аймақтар арасында сауда-экономикалық байланысты кеңейту, серіктестік қарым-қатынасты орнықтыру, Оңтүстік Қазақстан облысына инвестицияларды тартуға бағытталған.  
Хабарда айтылғандай, ресейлік делегацияның сапары аясында 30-дан астам оңтүстікқазақстандық өндірушілердің қатысумен іскерлік келіссөздер өтті.
«ОҚО-да 3 млн-нан астам халық мекен етеді. Ол еңбек еткісі келетін және іске қабылеті бар орасан зор еңбек ресурсы. Шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлік нысандарының саны жағынан оңтүстік көшбастауында таң қаларлық ешнәрсе жоқ», - деді ОҚО кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары Мақсат Қасымбеков.
Кездесуге қатысушылар екі өңірдің де инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін талқылады. Одан басқа, келіссөздер барысында шымкенттік Hill Corporation компаниясының моторлы майын челябілік «Тагинский карьер» өндірісіне жеткізу,  ал «Еврокристалл» ЖШС Ресейге шыны ыдыстар жіберіп, ал «Веском» ААҚ-дан таразы жабдықтарын алып отыратын болды. Сондай-ақ майысқақ тас шығаруға шикізат жеткізуші табылды. Бұрын шымкенттік зауыт шикізатты Мәскеуден сатып алатын, бірақ ол жол шығындары себепті тым қымбат болды. Енді Челябілік «Коелгомрамор» ЖАҚ компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында шығарылатын өнім құны едәуір арзандайды. Одан басқа, ресейлік «АстартА» зауыты отандық «Глобус плюс» ЖШС үшін консерві банкілерінің қақпақтарын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал бұрын оны Мәскеуден сатып алатын.
Сондай-ақ тараптар Шымкентте челябілік ОО ВТК «Оптима» өкілдігін ашу туралы уағдаласты, ол машинажасау саласында жабдықтар шығарады.

adimage