Шымкенттіктердің 76% ауыз сумен қамтамасыз етілген

Шымкент. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Шымкенттіктердің 76% ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп мәлім етті қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкенттіктердің 76% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың 42% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, тұрғындардың 79%-ы газбен, 59%-ы электр энергиясымен қамтамасыз етілген», - деп хабарлады баспасөз қызметі, қала әкімі Дархан Сатыбалдыға сілтемелеп.
Бұл ретте, баспасөз қызметінен атап кеткендей, қалада инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. 11 су және 11 газ құбырының құрылысы жалғасуда. 7 электр желісі мен 1 подстансада жұмыс жүргізілуде. Осының барлығы тағы 44 мың адамды сумен, 33 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, 28 мың адам орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылады.
Баспасөз қызметінен еске салғандай, биыл екі ірі инвестициялық жоба іске асырыла бастады.
Мысалы, Шымкентте «Бозарық» подстансасының құрылысы басталды. Қуаты 160 Гаал болатын жылыту қазандығының құрылысы жүріп жатыр. Қазандық құны Т3,7 млрд деп бағаланып отыр.
Сондай-ақ биыл жолдарды кеңейту жұмыстары да жүргізілді. Төлембетова, әл-Фараби және Мәделі Қожа көшелері кеңейтілді. Соңғысында жұмыстар әлі жалғасуда.

adimage