Си Цзиньпин, Путин, Лукашенко, Зеленский және басқалар – Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Бірқатар мемлекет басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады дүйсенбі күні Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, сондай-ақ, Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады» - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Украина Президенті Владимир Зеленский, Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, бұдан бөлек, Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сүлейманпур, БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінің Бас хатшысы Татьяна Валовая және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

adimage