Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Үсік пен қатты жел салдарынан Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 17 мамырда Алматы облысының солтүстігіңде 1 градус үсік күтіледі. 18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Өскемен қ.: 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі. Семей қ.: 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сондай-ақ хабарда айтылғандай, 18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.
«Нұр-Сұлтан қ: таңертең және 18 мамырда күндіз найзағай бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.. 18-20 мамырда жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, Түркістан облысында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. 19-20 мамырда жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, Жамбыл және Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, 18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 сақталады.
«18 мамырда Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласы: 18 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34