СІМ Қазақстан азаматтығын жоғалту бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтығын жоғалту бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты, деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
СІМ-де нақтылағандай, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады.

adimage