СІМ экс-басшысы Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Күні: 18:44, 01-08-2019.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы қоса атқару бойынша Дания Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», - деп хабарлады бейсенбіде Ақордадан.
Әбдірахманов 2019 жылдың наурызынан бері Швеция елшісі болып келді, оған дейін 2016-2018 жылдар аралығында СІМ басқарды, 2013-2016 жылдары БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: