СІМ Курск облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ- Сыртқы істер министрлігі Курск облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«Шынымен де, қазір бүкіл әлем РФ Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отыр. Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты айқын белгіленген БҰҰ Жарғысын барлық ел сақтауы қажеттігін әрдайым айрықша баса айтады. Біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен қолдану арқылы мемлекеттер арасындағы барлық қақтығыстың тек қана бейбіт жолмен шешілгенін құптаймыз», - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

2024 жылғы 6 тамызда, Орыс-украин соғысы барысында Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына басып кірді де, содан бері Ресей Қарулы күштері мен Шекара қызметімен шайқасуда.

adimage