Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Синоптиктер 28-30 наурызға арналған Қазақстандағы ауа райы туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өзбекстанда орналасқан, циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив солтүстік-шығыс бағытта жылжиды. Онымен алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде жаңбырмен бірге найзағай және қатты екпінді жел күтіледі. Солтүстік-шығыс бағытта жылжыған циклон жауын-шашын, әсіресе республикамыздың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында көбінесе жаңбыр түрінде болады. Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінен, батыс және солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар жылжыйды. Мұнда жаңбыр, жылбызғы қар, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман және көктайғақ болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5 градусқа жоғары сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған «Қазгидромет» РМК хабарында.
Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райы туралы айтты
